Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Әлихан Смайылов «ЭксонМобил» компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тараптар болашақта Теңіз кен орнында сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асыруды, Қашаған кен орнын одан әрі игеру жоспарларын, сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу және газ бөлу кешенін салу мәселелерін талқылады.
Үкімет басшысы ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру экономиканың базалық салаларын дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Осыған байланысты ол операторлардың қажеттіліктері үшін өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.
Бұл қазіргі уақытта импортталатын бірқатар мұнай-газ машина жасау өнімдеріне деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді, — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Джон Уилан «ЭксонМобил» Қазақстанда өз өкілдігін ашқан шетелдік халықаралық мұнай компанияларының арасында алғашқылардың бірі болғанын еске салды.
Бүгінгі таңда біз республикаға $28 млрд-тан астам инвестиция салдық, бұл бізді ең ірі шетелдік инвесторлардың біріне айналдырады. Қашаған, Теңіз және Каспий құбыры консорциумы сияқты ірі жобалардағы бұрыннан келе жатқан серіктес бола отырып, біз екіжақты байланыстарымыз бен стратегиялық серіктестігімізді одан әрі нығайта түсеміз деп үміттенеміз, — деді ол.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?