29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыNAIZA ұйымында ең жеңіл салмақта чемпион атанған қазақстандық файтер Әліби Ыдырыстың әлемдегі жетекші ММА лигасындағы алғашқы жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ММА сарапшысы Марсель Дорфф хабарлағандай, Әліби өз дебютінде ямайкалық спортшы Оде Осборнмен (13-9) октагонға шығуы тиіс. Кездесу 21 ақпанда Хьюстон (АҚШ) қаласында өтетін UFC турнирінің бағдарламасына енгізілген.
Айта кетсек, Осборн 2023 жылдың 5 тамызында тағы бір қазақстандық Асу Алмабаевпен (23-3) кездесіп, сол жекпе-жекте екінші раундта техникалық жеңіліспен ұтылған еді.
Еске сала кетейік, тамыз айында Әлібидің Джозеф Моралеспен өткізген айқасында UFC-мен келісімшарт мәселесі тұрған болатын. Сол кезде Әліби UFC 319 іріктеу кезеңінде жеңілгеніне қарамастан, промоушен оның әлеуетін жоғары бағалап, төрт жекпе-жекке арналған келісімшарт ұсынған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек