10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға тосын сый жасап, көлік алып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Instagram парақшасында көлігінің видеосын жариялап, қуанышты сәтінен естелік қалдырды.
Бүгін таңертең “балаларым маған тосын сый әзірлеп жатыр” деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Әли халыққа қызмет көрсету орталығына барамыз деп, мені үйден алып кетті. Содан мені автокөлік орталығына алып келіп, жаңа көлігімді көрсетті. Дегенмен көліктің құжаттарымен біз ХҚКО бардық. Енді менің көк-жасыл түсті Geely Monjaro маркалы көлігім бар. Сыйлығың үшін көп рахмет! Бұл жыл бақытты сәттерге толы болды. Биыл әже атандым және балаларым маған су жаңа көлік алып берді, – деп жазды әнші.
Оқи отырыңыз:
Әншінің үлкен ұлы Әли де өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында анасына сыйлық дайындап қойғанын айтқан болатын.
Қатты шаршадым. Бірақ өзімді мақтан тұтамын. Себебі бүгін анама керемет сыйлық жасадым, жұмыстарымды аяқтадым және ертең отбасымды демалысқа апарамын, - деді Әли Оқапов.
Ал оқырмандар болса "Сіз қандай сый болсын, құрметке де, атаққа қа да лайықсыз", "Балаларыңыз аман болсын", "Ішінде немерелеріңіз бен шөберелерініңіз толып жүрсін", - деп пікір қалдырды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді