18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?2023 жылғы І тоқсанда шоғырландырылған бюджет (мемлекеттік бюджет және ұлттық қор) салық түсімдері бойынша 5 667,3 миллиард теңгеге толықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4 пайызға немесе 998,0 миллиард теңгеге артық.
- Республикалық бюджетке 3 176,7 миллиард теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 миллиард теңгеге өсті.
- Жергілікті бюджетке 1 293,6 миллиард теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 миллиард теңгеге өсті.
- Ұлттық қорға 1 197,1 миллиард теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 миллиард теңгеге өсті.
2022 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%-ға, корпоративті табыс салығы 20,7%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0%-ға өсуі байқалады.
Түсімдердің өсуіне әсер еткен факторлар бар. Мәселен, 2023 жылы І тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады. Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы І тоқсанда 13,9%-ға өсті (экспорт 6,7%-ға төмендеді, импорт 1,8 есе өсті). Сондай-ақ, ЭШФ тауар айналымы 8,8 триллон тенгеге немесе 27,7% өсті.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр