20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОтандық әнші Әлішер Каримов көпшілікке SuperSTAR жобасында танылды. Дегенмен Әлішер сахнаға қадамын бала күнінде аттаған. Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында сахнаға алғаш рет шыққаны туралы қызықты оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1991 жылы «Әнші балапан» жобасы Таразға келгенде әкемнің әпкесі ұлын қатыстырмақ болды. Дайындалып жүрген жиен ағамның байқауға бір апта қалғанда тісі түсіп қалды. Аяқ астынан оның орнына мені қатыстыратын болып шешім қабылданды. Қорқып сахнадан қашып кеткен кезім де болды. Сол кезде Snickers шоколадтары енді келіп жатқан. Әкем «Әніңді айтып шықсаң, Snickers алып беремін» деп көндірді. Алғашқы сыйақым шоколад болған, - деді әнші.
Отандық танымал әншінің үлкен сахнада жүргеніне биыл 20 жыл. Осыған орай ол Бейбітшілік және келісім сарайында концерт бермек.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?