28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдошылар бақ сынап жатыр. Соның ішінде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Меруерт Сәрсенова көпті тәнті етті. Жұбаныш белдесуінде бас-аяғы 15 минут күресіп, финал жолдамасын жұлып алды. Шешуші кезеңде де барын салып, 5 орынға тұрақтады. Ендеше, Меруерт Сәрсенова туралы не білеміз, тарқатайық.
Азиададағы жол
Бұл – оның алғашқы Азиадасы. Биыл Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде жарқ етті. Сол кезде де жарысты 5 орынмен аяқтаған-ды. Сұхбаттасқанымызда күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарында өнер көрсеткісі келетінін, сол үшін барын салатынын айтқан. Осылайша, Меруерт сөзінде тұрып, ел намысын абыроймен қорғап шықты.
Олай дейтініміз, отандасымыз жұбаныш белдесуінде Тәжікстан өкілі Мадина Курбонзодамен кездесті. Негізгі уақытта бір-бірін ала алмаған дзюдошылар қосымша уақытта да айқасты. Golden Score-да шамамен 9 минуттай күресіп, соңында тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті. Осыдан-ақ Меруерттің салқынқанды, өліспей-беріспейтін спортшы екенін байқаймыз.
Қола медаль үшін күресте алаң иесі Кокоро Фуджиширомен белдесті. Мұнда да негізгі уақытта жекпе-жек жеңімпазы анықталмай, қосымша уақыт белгіленді. Шешуші сәтте жапониялық балуан басым түсті.
Меруерт Сәрсенова кім?
Меруерт Сәрсенова 2001 жылы Талдықорғанда спортшылардың отбасында дүниеге келген. Анасы жеңіл атлетикамен айналысқан. Алғашында үлкен теннис пен дзюдоның арасында таңдау жасаған. Сөйтіп, 11 жасында әкесі дзюдоға ертіп апарған.
Алғашқы бапкері – Дүйсен Аязбеков. «Темірдос» жаттығу залында шыныққан. Кейінірек Елдос Жұмақановтың жаттығу залына барған. Кәсіби мансабында 52,57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен. 48 келіде балалар арасындағы «Азия балалары» додасында топ жарған. Одан кейін 57 келіге ауысып, осы салмақта 2 жыл күресіп, жастар арасындағы ел чемпионы атанған. Кейінірек, сол кездегі аға бапкер Ерлан Алпысбаевтың айтуымен 52 келіге ауысып, Тайпейдегі Азия чемпионатында екінші орын алған. 52 келіде жасөспірімдер, жастар, ересектер сапында да ұлттық құрамада болады.
Мінезді ару
Бірнеше халықаралық турнирге қатысып жүргенімен, лайықты орнын таба алмаған соң 2021 жылы мансабын аяқтайды. Депрессияға түсіп, спорттан кетеді.
Одан бұрын «спорттан кетсем, немен айналысамын, қалай күн көремін?» деп ойланып жүргенмін. Сөйтіп, мансабымды аяқтаған соң банкте жұмыс істедім. Сұлулық салонында нэйл-мастер болдым. Киім сататын дүкенді жарнамаладым. Үш ай бапкер болып жұмыс істегенім тағы бар, – дейді дзюдошы.
Арада 4 жыл өткен соң спортқа қайта оралады. Мұнда да әкесі қолынан жетелеп, Елдос Жұмақановқа апарады. 2024 жылдан бастап жаттығуды бастайды. Жеке бапкері Елдос Жұмақановпен бірге тыңғылықты дайындалады. Сол жылы Қазақстан чемпионатына қатысқанымен, екінші айналымда сүрінеді. 2025 жылы ел біріншілігінде топ жарып, ұлттық құрамадағы орнын қайтарып алады. Артынша Словенияда өткен Еуропа кубогыне аттанады. Биыл көктемде елімізде өткен Grand Slam турнирінде 5 орын алып, елдің қошеметіне бөленеді. Қыркүйекте Оралда өткен ел чемпионатында екінші тұғырдан көрінеді.
Сол турнирден кейін сұхбаттасқанымызда алда Азия ойындарында бақ сынағысы келетінін айтқан еді. Дегеніне жетіп, Жапония татамиінде барын салды. Бірнеше жыл үзілістен кейін де жетістікке жетуге болатынын, мойымаудың
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?