20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда Жасанды интеллект университетін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Мемлекет басшысы ғылым мен технологияны дамыту ел үшін басым бағытқа айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан ғылым, техника және өндірістік үдерістерге бет бұруы қажет.
Биылғы жыл өздеріңізге мәлім, менің шешіміммен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Біз еліміздің ғылым мен технологияға бет бұруы үшін нақты қадамдар жасауымыз керек. Меніңше, бізде заңгерлер, филологтар, дипломаттар сияқты гуманитарлық мамандар тым көп. Сондықтан ұлттың менталитетін өзгерту қажет. Ал менталитетті өзгерту дегеніміз – халықты ғылым мен технологияға бағыттау. Бұл біздің қолымыздан келмейді деп кім айтты? Біз Қазақстанда шын мәнінде менталдық төңкеріс жасауымыз керек, – деді Президент.
Оның сөзінше, осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – жаңа университет ашу.
Жасанды интеллект университетін ашу – маңызды оқиға болмақ. Жоспар бойынша, бұл оқу орны биыл алғашқы студенттер мен магистранттарды қабылдайды. Жасанды интеллектіні табысты дамыту мықты ғылымсыз мүмкін емес. Алгоритмдер мен күрделі инженерлік шешімдер, ең алдымен, дамыған ғылыми және университеттік ортада пайда болады. Сондықтан біз бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?