Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСингапурдың Наньян технологиялық университетінің (NTU) ғалымдары әлеуметтік желілерді жиі пайдалану жастардың зейінін төмендетіп, эмоционалдық тұрақсыздық пен компульсивті мінез-құлықтың қалыптасуына әкелетінін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу Сингапур мен Аустралиядағы 13 пен 25 жас аралығындағы 583 жасөспірім мен олардың ата-аналары арасында жүргізілген. Нәтижелер университет сайтында жарияланды.
Зерттеуге қатысқан жастардың 68 пайызы зейін қоюда қиындық көретінін айтқан. Көпшілігі тіпті бір минуттық видеоны көру немесе оқу тапсырмаларын орындау кезінде де телефонға қайта-қайта алаңдайтынын мойындаған. Ал 65 пайызы мұндай әдеттердің болашақта оқу мен мансапқа кері әсер ететінін болжаса, ата-аналардың 60 пайызы балаларының психологиялық ахуалы мен мінез-құлқына әлеуметтік желілердің теріс ықпалына алаңдайтынын жеткізген.
Зерттеу авторлары бұл әсерлер жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның мүддесіне қауіп төндіретінін атап өтті. Сондықтан олар әлеуметтік желі платформаларының интерфейсін қайта қарастырып, пайдаланушы назарын басқаруға көмектесетін шектеулер мен ескертулерді енгізуді ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар қарапайым бір әдеттің мазасыздықты азайтатынын дәлелдеген. Атап айтқанда, таза ауада жиі серуендеу, бау-бақшамен айналысу, балық аулау немесе спортпен шұғылдану – мазасыздық пен депрессия белгілерін дәрі-дәрмексіз-ақ жеңілдетуге септігін тигізеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?