30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда интернет кеңістігіндегі заңсыз контентке қарсы күрес жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 20-дан астам треш-стример әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, былапыт сөздер айтып, қауіпті әрекеттер жасап, өзге азаматтардың ар-намысына тиетін контент таратқан.
Ведомствоның мәліметінше, қаралым, лүпіл мен донат қуған кейбір стримерлер балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырған. Мұндай контенттің күн сайын мыңдаған көрерменге, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.
Тікелей эфирлерден кейін қамауға алынғандар бар
Шымкент қаласында 48 жастағы Ербол Дүйсенбаев TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында былапыт сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Талдықорғанда 44 жастағы Гүлмира Қасенова да TikTok-тағы эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, бейпіл сөздер айтқан. Ол бұған дейін де осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған. Бұл жолы сот оған әкімшілік айыппұл салды.
Павлодарда 26 жастағы Аслан Амантаев көлік жүргізіп отырып тікелей эфирге шыққан. Ол қауіпсіздік белдігін тақпаған әрі эфир барысында балағат сөздер айтқан. Сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ал Түркістан облысында bayan_kyz, fatima.sh0000 және fatima_s003 никнеймдерімен танымал Баян Шанкеева да жауапқа тартылды. ІІМ мәліметінше, ол тікелей эфирлерінде балағат сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен. Сот оған әкімшілік айыппұл салды.
Оқи отырыңыз:
Жасырын аккаунт жауапкершіліктен босатпайды
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желідегі бүркеншік атпен жұмыс істеу заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. Ведомствоның айтуынша, треш-контенттің алдын алу және құқықбұзушылықтың жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Сондай-ақ ІІМ бұған дейін треш-стримерлердің есімдері қоғамға профилактикалық мақсатта жарияланатынын мәлімдеген болатын. Бұл азаматтардың құқықтық жауапкершілігін күшейтіп, әлеуметтік желідегі заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
Бұған дейін біз TikTok-та балағат сөз айтсаңыз, қандай жаза күтіп тұрғандығы туралы жазған едік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды