Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСловакияның Спишска-Бела қаласында үш жасар баланың өлімімен аяқталған жантүршігерлік оқиға елді елең еткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
31 жастағы психикалық аурумен есепте тұрған әйел ұлын өлтіріп, баланың мәйітін көлігінің жүксалғышына салып, полицияға өзі келген.
24 маусымда күдікті жергілікті полиция бөлімшесіне келіп, баласын өлтіргенін айтып, оның қайда жатқанын көрсеткен. Тәртіп сақшылары баланың денесін көлік ішінен тапты. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың ішінде кемі 15 пышақ жарақаты анықталды.
Алдын ала тергеу қорытындысына сәйкес, әйел ұлын қала сыртындағы орманға апарып, қасақана өлтірген. Тергеу барысында әйел бұл әрекетке әлеуметтік қызметтердің баласын алып кетпек болғанынан кейін барғанын мәлімдеді.
Мемлекеттік органдар анықтағандай, әйел мылқау болған. Жақында ғана психикалық ауытқулары бар науқас ретінде психиатриялық емханадан шығарылған.
Қазір Словакия полициясы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Әсіресе психикалық дертпен тіркелген адамның не себепті бақылаусыз қалғаны және неге оған кішкентай баланы тәрбиелеуге мүмкіндік берілгені зерттелуде.
Бұған дейін Жамыблда ер адам асыранды баласын өлтіргені туралы жазған едік.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер