20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр» деген пікір айтып, басы дауға қалған әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева (Facebook желісінде Саида Кастанеда) әнші Ұланғасыр Қамиге қоғамда араздық тудырғаны үшін арыз жазды.
Мен Ұланғасыр Қамидың үстінен арыз жаздым. Дәстүрге берік депутаттар үнсіз қалған үшін орнына мен жаздым. Мен бүгін e-Otinish арқылы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес оның әлеуметтік және гендерлік араздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділік тудыру және күйеулерінің, бұрынғы азаматшалардың әйелдерді/қыздарды зорлық-зомбылықпен өлтіруін және жарақаттауын ақтағаны үшін тексеруді сұрап өтініш тастадым. Өтініш тіркелді, қандай да бір іс қозғала ма, әлде әдеттегідей ресми жауап келе ме көрейік, – деп жазды Сисембаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, өнер иесі «әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Әйелі санын жалтыратып көшеге шыққан соң, күйеуі шыдамай өлтіріп қояды» деген еді.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өтініш тіркеліп,тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?