Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБашқұртстанның Кушнаренков ауданында орын алған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан мотожарыс бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Николай Красников көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
RBC.ru сайты жазды. Башқұртстанның вице-премьері әрі спорт министрі Руслан Хабибов Николай Красниковтың өлімін ұлттық спорт үшін орны толмас ауыр қаза деп атады.
Бүгін таңертең мотошабандоздар арасында сегіз дүркін әлем чемпионы, командалық есепте 12 мәрте әлем чемпионы, Ресей кубогының бірнеше дүркін иегері Николай Олегович Красников өмірден өтті. Оның жақындарына және туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл – отандық мотоспорт үшін өте үлкен жоғалту, – деді Хабибов.
Аймақтық жол полициясы ұсынған мәліметке сәйкес, апат 16 маусымда түнгі сағат үш шамасында Р-240 тас жолының 69-шақырымында, М-12 "Шығыс" трассасына жақын маңда болған. "Лада Гранта" көлігі қарсы бағыттағы екі жүк көлігі – "Газель" мен SITRAK-пен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 40 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі медициналық көмек келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Қазір апаттың нақты себептері анықталуда.
Николай Красников 1985 жылдың ақпан айында Курган облысының Шадринск қаласында дүниеге келген.
Бұған дейін ойын кезінде 14 жастағы футболшы қайтыс болғанын жазған едік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді