20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭкономика және бейбітшілік институты (Institute for Economics & Peace, IEP) Global Peace Index 2025 рейтингін жариялады. Бұл индекс елдердегі қауіпсіздік пен бейбітшілік деңгейін бағалайды. Биыл зерттеу әлем халқының 99,7 пайызын қамтитын 163 ел мен аумақты қамтыды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Есеп қорытындысына сәйкес, әлемдегі жалпы қауіпсіздік жағдайы нашарлай түскен. Зерттеу авторларының айтуынша, «ғаламдық бейбітшілік деңгейі төмендеп келеді, ал ірі қақтығыстарға алып келетін факторлар соңғы жылдардағы ең жоғары деңгейге жеткен».
Индекс қалай есептеледі
Global Peace Index 23 көрсеткіш негізінде жасалады. Олар үш негізгі топқа біріктірілген:
Сарапшылар әскери шығындар, қақтығыстардағы адам шығыны, қылмыс деңгейі сияқты статистикалық деректермен қатар, мамандардың бағасын да ескереді.
2025 жылы әлем бойынша орташа бейбітшілік көрсеткіші 0,36 пайызға нашарлады. Бұл жағдайдың алтыншы жыл қатарынан төмендеп келе жатқанын көрсетеді.
Ең қауіпсіз елдер
Рейтинг көшбасшысы әлі де Исландия. Ел бұл орынды 17 жыл қатарынан сақтап келеді. Үздік бестікке сондай-ақ:
Есеп авторлары бұл елдердің позитивті бейбітшілік деңгейі жоғары екенін атап өтті. Яғни мұнда тұрақты институттар, қоғамдағы сенім және зорлық-зомбылықтың төмен деңгейі қалыптасқан.
Айта кетейік, Батыс және Орталық Еуропада қауіпсіздік деңгейі төртінші жыл қатарынан төмендегенімен, бұл өңір әлі де әлемдегі ең бейбіт аймақ саналады.
Ең қауіпті елдер
Рейтингтің төменгі бөлігінде қауіпсіздік деңгейі ең төмен елдер орналасқан. 2025 жылы ең соңғы – 163-орынға Ресей жайғасты. Одан кейін:
Қазақстанның көрсеткіші
Қазақстан рейтингтегі позициясын жақсартты. 2025 жылы ел 56-орынға көтеріліп, бірден бес сатыға жоғарылады.
Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде Қазақстан Болгария мен Румыниядан кейін үшінші орынға ие болды.
Аймақтағы орташа бейбітшілік көрсеткіші 0,77 пайызға төмендегеніне қарамастан, Қазақстан орташа қауіпсіздік деңгейіндегі елдер тобына кіреді және көрші мемлекеттердің басым бөлігін артта қалдырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?