Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖасанды интеллектке деген сұраныстың артуы смартфондардың бағасын бүкіл әлем бойынша қымбаттатуы мүмкін. Бұл туралы қытайлық Sina агенттігі хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Мамантардың айтуынша, Қытайдағы барлық смартфон өндірушілері жад модульдерін сатып алуда қиындық көріп отыр. Себебі чиптерге деген сұраныс қатты өскен: жад тек телефондарға ғана емес, жасанды интеллект деректерін өңдеуге де қажет. Ал жад модульдерін шығаратын зауыттардың қуаты шектеулі болғандықтан, бәріне бірдей жетпейді.
Сонымен қатар жаңа ЖИ құралдарын жасайтын компаниялар смартфон өндірушілеріне қарағанда көбірек ақша төлеуге дайын. Қытайдағы ірі смартфон компанияларының бірі Sina-ға берген түсініктемесінде: болашақта өндірушілер не телефондардың техникалық сипаттамаларын төмендетуге, не бағасын көтеруге мәжбүр болатынын айтқан.
Бұған қоса, Micron, Samsung және Kioxia секілді флеш-жад чиптерін өндірушілер өз жабдықтарының бағасын өсіру үшін NAND модульдерінің өндірісін қысқартқан. Сарапшылардың айтуынша, олардың нарықтағы бағасы 2026 жылы тағы өседі.
Android Authority басылымы бұл жағдайға қатысты:
Vivo-дан бастап Samsung пен Apple-ге дейін барлық өндіруші жаһандық жеткізу тізбегіне тәуелді. Бір компанияның шығынын өсіретін факторлар уақыт өте келе бүкіл нарыққа әсер етеді, – деген пікір білдірді.
Ал қазан айының соңында Xiaomi президенті Лу Вэйбин смартфондардың қымбаттауы туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, телефон бағасының өсуіне дәл осы жад модульдерінің қымбаттауы себеп.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?