7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?2026 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Оңтүстік Африка Республикасының құқық қорғаушысы, халықаралық заңгер Наванетхем «Нави» Пиллейге берілді. Лауреаттың есімін 9 қазанда Норвегияның Нобель комитеті жариялады.
Нобель комитетінің төрағасы Йорген Ватне Фрюднес Пиллейдің бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық құқықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Нави Пиллей адам құқықтарын қорғау және халықаралық сот төрелігі саласындағы қызметімен танымал. Ол 2008-2014 жылдары БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары қызметін атқарған.
Бұған дейін Руанда бойынша халықаралық қылмыстық трибуналда судья болып, кейін аталған трибуналды басқарған. Сондай-ақ Халықаралық қылмыстық соттың судьясы қызметін атқарған. Пиллей БҰҰ Халықаралық сотында Мьянмаға қатысты геноцид ісі бойынша арнайы тағайындалған судья ретінде де жұмыс істеген.
Биыл бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына 287 кандидат ұсынылды
2026 жылы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына 287 кандидат ұсынылған. Олардың 208-і жеке тұлға, 79-ы ұйым. Нобель комитетінің ережесіне сәйкес, үміткерлердің есімдері 50 жыл бойы құпия сақталады. Сондықтан комитет кандидаттардың кім болғанын ресми түрде жарияламайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында АҚШ президенті Дональд Трамптың да сыйлыққа ұсынылғаны туралы ақпарат тарады. Трамп бұған дейін Нобель сыйлығын алуға ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген. Алайда оның биылғы үміткерлер тізімінде болғанын Нобель комитеті ресми түрде растаған жоқ.
Соңғы жылдары бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын кімдер алды?
2025 жылы сыйлықты Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға берілді. Ол Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын қорғау және елдегі биліктің бейбіт жолмен ауысуына жағдай жасау бағытындағы қызметі үшін марапатталды.
2024 жылы сыйлық Жапониядағы Nihon Hidankyo ұйымына табысталды. Хиросима мен Нагасакиге жасалған атом бомбалауларынан аман қалған адамдар құрған бұл ұйым ядролық қаруды жоюды жақтап келеді.
2023 жылы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын ирандық құқық қорғаушы Наргес Мохаммади иеленді. Ол Ирандағы әйелдерге жасалатын қысымға қарсы күресі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы еңбегі үшін марапатталды.
Нобель сыйлығы қашан табысталады?
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері беріліп келеді. Ол швед өнертапқышы Альфред Нобельдің өсиеті негізінде тағайындалған. Нобельдің өсиетіне сәйкес, сыйлық халықтар арасындағы бауырластықты нығайтуға, тұрақты армияларды қысқартуға және бейбітшілік бастамаларын дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға берілуі тиіс.
1901 жылы алғашқы лауреаттар ретінде Қызыл Крест халықаралық комитетінің негізін қалаушы Анри Дюнан мен француз бейбітшілік қозғалысының өкілі Фредерик Пасси марапатталды.
Нобель сыйлығының марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсанда Норвегия астанасы Ослода өтеді. Бұл күн Альфред Нобельдің қайтыс болған күніне орай белгіленген. Ол 1896 жылғы 10 желтоқсанда дүниеден өткен.
Бейбітшілік сыйлығынан өзге Нобель марапаттары Швеция астанасы Стокгольмде табысталады. Олардың қатарында физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет салаларындағы сыйлықтар және Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары сыйлығы бар.
Біз бұған дейін әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері анықталғаны туралы да жаздық.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?