Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жарысты жарқын жеңіспен бастады.
15 маусымда басталған Әлем кубогының екінші кезеңіне Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысып жатыр. Халықаралық турнирде ел намысын тоғыз ер және сегіз әйел боксшы қорғауда. Жарысқа әлемнің үздік былғары қолғап шеберлері жиналып, рейтингтік ұпайлар мен жүлделі орындарды сарапқа салуда.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Нұрбек Оралбай Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичхэге қарсы шаршы алаңға шықты. Қазақстандық боксшы жекпе-жек басталған сәттен-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласын бірнеше рет дәл соққылармен қыспаққа алды.
Кездесу барысында Оралбай қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, айқын басымдық танытты. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, қазақстандық боксшыға техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Осылайша Нұрбек Оралбай турнирдің ширек финалына жолдама алды. Енді ол жартылай финалға шығу үшін Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістіреді.
Ал аса ауыр салмақта (+90 келі) өнер көрсетіп жатқан Айбек Оралбай да жарысты жеңіспен бастады. Ол америкалық Ннаджай Райтқа қарсы өткізген жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен келесі кезеңге өтті.
Жекпе-жектің алғашқы раундында америкалық боксшы жоғары қарқын ұсынып, шабуылға жиі шыққанымен, Айбек қарсыласының соққыларынан сәтті қорғанып, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Нәтижесінде төрешілер бірінші раундты 4:1 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына жазды.
Екінші раундта да Айбек Оралбай қарсы шабуылда сәтті әрекет етіп, басымдықты сақтап қалды. Бұл кезеңде де төрешілер жеңісті оған берді. Үшінші раундта америкалық боксшы белсендірек көрінгенімен, жалпы қорытынды бойынша жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды.
Енді Айбек Оралбай ширек финалда Англия өкілі Мэттью Уильямс пен Түрікменстан боксшысы Довлет Исламов арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Гуйяндағы Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай, Тимур Қабдешов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Абылайхан Жүсіпов, Тимур Нұрсейітов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек және Айбек Оралбайлар өнер көрсетуде. Әйелдер құрамасында Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова ел намысын қорғап жатыр.
Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үшін Серік Теміржанов, Нұрбек Оралбай және Сабыржан Аққалықов жеңіске жетсе, Наталья Богданова күтпеген жерден алғашқы кездесуінде жеңіліс тауып, жарысты ерте аяқтады.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес