Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Гуйянда (Қытай) бокстан әлем кубогы кезеңінің бесінші жарыс күні аяқталды.
Әлем кубогының ширек финалына 29 елдің спортшылары өтті. Жалпы, турнирге 44 елден 300 боксшы келген. Соның ішінде ұлттық құраманың 17 өкілі жарысқа қатысып, 11-і жүлдеге таласты. Ширек финалда Өзбекстаннан – 14, Қытайдан – 12, Қазақстаннан 11 спортшы бақ сынады.
Ширек финал оңай болған жоқ. Нәтижесінде, құрамадан төрт боксшы жартылай финалға өтті. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов өзбек Шавкатжон Болтаевты жеңіп, кем дегенде қолаға қол созатын болды.
Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) да жартылай финалға шықты. Қазақстандық былғары қолғап шебері қырғыз Анваржан Ходжиевтен басым түсті. Әйелдер арасындағы жарыста Виктория Графеева (60 келіге дейін) Оңтүстік Корея өкілі О Ён Джиді сенімді түрде жеңді.
Кешкі сессияда 2 дүркін әлем чемпионы, 65 келідегі Аида Әбікеева ширек финалда АҚШ өкілі Марие Росендомен кездесіп, 4:1 есебімен басым түсті. Әлем чемпионы, аса ауыр салмақта басты фаворит саналатын Айбек Оралбай Әлем кубогының 1/4 финалында Англия өкілі Мэтью Уильямспен жұдырықтасты. Отандасымыз жекпе-жек бойы белсенді қимылдап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Лаура Есенкелді (70 келіге дейін) мен Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады. Оған қоса 2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова үнді Минакшимен (Үндістан) кездесіп, қарсыласына жол берді.
Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр