Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезекті күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әйелдер құрамасы сапында Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Елдана Тәліпова өз салмақ дәрежелерінде жартылай финал мен финалға жолдама алды. 51 келі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова ширек финалда жапониялық Юна Нишинаканы 5:0 есебімен жеңіп, кем дегенде қола медальге қол жеткізіп отыр. Жартылай финалда бразилиялық Каролина Барбоса Алмейдамен жұдырықтасады.
Сондай-ақ 65 келі салмақта өнер көрсеткен Аида Әбікеева оңтүстіккореялық Кан Сукенді жеңіп, жартылай финалға шықты. Осылайша ол да ел құрамасына жүлде алып келді.
Елдана Тәліпова 80 келіден жоғары салмақта өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен болған жекпе-жекте жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасынан алғаш болып финалға өтті.
Өкінішке қарай, ерлер құрамасында тағы боксшымыз жарысты жүлдесіз аяқтады. 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шыға алмады. Жерлесіміз ширек финалда Түркия өкілі Эмра Яшармен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен түркиялық Эмра Яшар келесі айналымға өтті.
Есесіне 65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты. Ширек финалда ол Франция елінің өкілі Хюго Грауға қарсы қолғап түйістірді.
Бірінші раундта төрешілер француз боксшысына басым ұпай берген еді. Соңғы екі раундта Зейнуллинов қарсыласынан жартылай финалға жолдаманы жұлып алды. Осылайша, ол кем дегенде қола медальға қол жеткізді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?