Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФранциядағы Жаңа Каледонияның болашағын талқылап жатқан бәсекелес саяси қозғалыстар 12 шілде күні таңертең жаңа мемлекет құру туралы келісімге қол жеткізгендерін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Politico басылымының жазуынша, бұл құжат Франция құрамында автономды мемлекет құруды көздейді.
Жаңа Каледония Парижбен байланысын сақтап қалады, бірақ ауқымды өкілеттіктерге ие болады: халықаралық қатынастарды жүргізу құқығы, қос азаматтық және ішкі істерге бақылау жасау мүмкіндігі. Сондай-ақ сайлау құқығы кеңейтіледі – енді аралдарда 15 жылдан астам уақыт тұрған тұрғындар дауыс бере алады. Бұл автономияны Франция құрамындағы Гренландияның Даниядағы мәртебесімен салыстыруға болады.
Келісімді әлі де Жаңа Каледония тұрғындары референдумда мақұлдауы және Франция парламенті бекітуі керек.
Жаңа Каледония – Францияның оңтүстік Тынық мұхитындағы ондаған аралдан тұратын теңіз асып жатқан аумағы. Бұл – пальма ағаштары өскен жағажайларымен және флора мен фаунаның сан алуандығымен танымал әлемдегі ең үлкен лагундардасы бар жер.
Le Monde басылымы көп ұзамай-ақ Франция президенті Эммануэль Макрон «Жаңа Каледония мемлекеті» құрылуына қатысты «тарихи келісімді» құптағанын жазды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?