Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПара-армрестлингтен Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Зарина Примакқа «бокалдар жиынтығын» сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысының тумасы әлем чемпионы атағына осымен жетінші рет қол жеткізіп отыр. Абай облысына қарасты Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы мен Шар қаласының «Жастар ресурс орталығының» директоры Рауан Кәкімжанұлы спортшыны арнайы құттықтап барған, алайда шенеуніктер табыстаған сыйлық оқырман қауымның ашуын туғызды.
«Одан да ештеңе бермегені дұрыс еді», «Әлем чемпионына бокал сыйлаған ба? Сөзім жоқ», «Әкімдікке мына сыйлығы үшін «алғыс айтып тұрғаны» түрінен-ақ көрініп тұр», «Спорт министрлігі қайда қарап отыр? Әкім дені дұрыс демеуші таба алмағаны ма?», «Масқара, өздерінің мәз болып тұрғанын қарашы», - деп жазған көпшілік.
Бірақ көп ұзамай Жарма ауданы әкімдігінің парақшасынан бұл жазба өшіріліп, басқа жазбаларға да пікір қалдыру мүмкін болмай қалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?