22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыWBC нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) Showtime-ға берген сұхбатында осы дивизиондағы WBO және IBF белбеулерінің иесі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) кездесуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
25 қарашада Джермалл араға екі жыл салып шаршы алаңға оралады. Ол отандасы Хосе Бенавидес (28-2-1, 19 КО) кішімен өзара кім мықтыны анықтайды.
– Джермалл Чарлоның хит-парақшасында кімдер бар?
– Атағы бар кез келген боксшы. Негізі Жәнібекпен бокстасқым келеді. Сонан соң «абсолютке» таласушы едім, - деді Чарло.
Жәнібектің жауабы да көп күттірген жоқ, ол өз парақшасында америкалықты нокаутқа еш қиындықсыз түсіретінін жазды:
Чарло? Мен оны оңай нокаутқа түсіре аламын! Чарломен жекпе-жек болса, Жәнібек оны жеңе ала ма деген сұрақ туындамайды. Көптің көкейінде тек «Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?» деген сұрақ қана болады. Мен қазір өз биігімдемін. Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді. Ірі сөз. Ірі іс, - деді Әлімханұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьериді жеңген болатын. Сол үшін 1,5 млн доллар табыс тапқаны да айтылған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев