19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астанада өтіп жатқан ел чемпионатында олимпиадалық салмақ дәрежесінде финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлық белдесулерінде жеңіске жеткен әлем чемпионы финалда еркін күрестен белгілі балуан, тараздық Әлішер Ерғалимен өзара мықтыны анықтайды. Өз кезегінде Әлішер жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Камиль Куруглиевтен басым түсті.
Финалдық сында жеңіске жеткен балуан алда Бішкекте өтетін олимпиадалық іріктеу турнирінде белдеседі.
Ал Ризабек Айтмұқан өткен жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында 92 келіде жеңімпаз атанған болатын. Ол еркін күрестен қазақ балуандары арасында дүниежүзілік біріншілікті ұтқан алғашқы балуан. Сондай-ақ, 1999 жылдан бері күрес түрлері бойынша Қазақстан балуандары арасында әлем чемпионатының алтынына қол жеткізген спортшы болып отыр.
Бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінен ел чемпиондарының есімі анықталды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары