20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісИспания құрамасының жартылай қорғаушылары Гави мен Фабиан Руис елдің оңтүстігіндегі шағын ғана Лос-Паласиос-и-Вильяфранка қаласында қаласында туған. Оларды қала мэрі арнайы шақырып, әлем чемпионы атануымен құттықтады. Тарту ретінде ойыншылардың салмағына тең қызанақ сыйлады. Осындай қызық сыйдың астарында не жатыр, талдап көрелік.
Чемпиондарын құрметтеген ел
Испания сапында өнер көрсеткен Гави мен Фабиан Руиске 153 келі қызанақ тарту етілді. Гавиге – 68,5 келі, Фабианға – 84,5 келі. Әрқайсы өз салмағына сай еншісін алды. Мұндай сыйлық басқасына біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Ал Лос-Паласиос тұрғындары үшін ерекше мәні бар дәстүр.
Бір қызығы, мұндай дәстүр 2010 жылдан бастау алады. Сол жылы Испания құрамасы тұңғыш әлем чемпионы атанды. Құрама сапында Лос-Паласиоста дүниеге келген Хесус Навас та өнер көрсетті.
Сонда жауаптылар туған жеріне оралған ойыншыға ерекше сый жасаудың жолын іздейді. Ақыры, футболшының салмағына тең қызанақ сыйлау туралы шешім қабылдайды. Идеяны жұрт қолдап, Хесус Навасты сән-салтанатпен күтіп алады. Содан бері халықаралық деңгейде жетістікке жеткен әрбір спортшыға осындай құрмет көрсетіледі.
Қала мэрінің құттықтауынан бөлек, чемпиондар көлікпен қала ішін аралағанда жұрт оларды тік тұрып қарсы алып, қошемет көрсетті. Қала тұрғындары жиналып, орталық алаңда жартылай қорғаушыларды күтіп алды. Олардың ішкі толғанысын тыңдап, қолдау білдірді.
Гави сөзінде Лос-Паласиостан үлкен арманмен аттанып, Ла Масияда тәрбиеленгенін айтты. 6 жасынан доп теуіп, 21 жасында Әлем чемпионы атанғанына сене алмайтынын, ұлттық құрама сапында доп тебу әр испаниялықтың арманы екенін атап өтті.
Ал Фабиан Руистің жолы Андалусиядан басталды. Ол кәсіби мансабында Еуропаның жетекші клубтарында өнер көрсетіп, Испания құрамасының негізгі ойыншысына айналды.
Қос чемпионның еліне оралуы, туған мекеніне алып-ұшып жеткені көпшілікті қуантты. Жасынан кәрісіне дейін оларды құрметтеп, барынша мадақтады.
Қызанағымен танылған қала
Лос-Паласиос-и-Вильяфранка – Андалусия автономиялық аймағындағы Севилья провинциясында орналасқан шағын қала. Мұнда шамамен 40 мыңға жуық адам тұрады. Қала ірі мегаполистердің қатарына жатпайды, туристер де көп келе бермейді. Дегенмен Испанияның ауыл шаруашылығы картасында ерекше орны бар мекен.
Өйткені бұл өңір ондаған жыл бойы сапалы қызанақ өсірумен аты шыққан. Жергілікті шаруалар өсіретін өнім Испанияның түкпір-түкпіріне жөнелтіліп қана қоймай, шетелге де экспортталады. Лос-Паласиостың қызанағы сапасымен ерекшеленетіндіктен, оны өңірдің басты бренді деуге болады.
Сондықтан мұнда қызанақ жай ғана көкөніс емес. Ол – жергілікті тұрғындардың еңбегін, кәсіпкерлігін және туған жерінің болмысын бейнелейтін символ.
Неліктен мұндай тарту жасады?
Көпшілік үшін чемпионға ондаған келі қызанақ сыйлау оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ Лос-Паласиос тұрғындары үшін бұл – ең қымбат сыйлықтардың бірі.
Өйткені олар футболшыларға өздерінің күнделікті еңбегін, туған жерінің басты байлығын және жергілікті халықтың маңдай терін көрсетеді. Сондықтан әлем чемпионы атанған футболшылар үшін туған қаласында өз салмағына тең қызанақ алу – кей марапаттан да маңызды.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?