24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі өз мәресіне жетті. Соңғы ойын күні жанкүйерлерге тартысты кездесулер мен күтпеген нәтижелер сыйлады. Әсіресе Алжир мен Аустрия арасындағы матч соңғы секундтарға дейін шиеленіске толы болды. Осылайша, плей-офф кезеңіне шыққан барлық 32 құрама белгілі болды.
Англия Панаманы сенімді жеңді
Англия құрамасы Панаманы 2:0 есебімен ұтып, топтық кезеңді жеңіспен аяқтады. Голдарды Джуд Беллингем мен Гарри Кейн соқты. Кейн үшін бұл әлем чемпионаттарындағы 11-гол болып, ол Англия құрамасының мундиальдардағы үздік сұрмергені атанды.
Хорватия плей-оффқа жолдама алды
Хорватия құрамасы Гананы 2:1 есебімен жеңіп, топта екінші орынға көтерілді. Лука Сучич пен Никола Влашичтің голдары балқандықтарға маңызды үш ұпай сыйлады.
Колумбия топ жеңімпазы болды
Колумбия мен Португалия арасындағы кездесу голсыз тең аяқталды – 0:0. Колумбиялықтардың соңғы минутта соққан добы VAR тексерісінен кейін офсайдқа байланысты есепке алынбады. Соған қарамастан Колумбия топта бірінші орынды сақтап қалса, Португалия екінші орынмен плей-оффқа өтті.
Өзбекстан жеңіліп қалды, бірақ тарихи нәтиже көрсетті
Өзбекстан құрамасы матчтың 10-минутында Эльдор Шомуродовтың голынан кейін есеп ашқанымен, екінші таймда бастаманы жіберіп алды. Конго Демократиялық Республикасы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, плей-оффқа жолдама алды.
Алжир мен Аустрия драмалық матч өткізді
Ойын күнінің басты кездесуі Алжир мен Аустрия арасында өтті. Тартысқа толы матч 3:3 есебімен аяқталды.
88-минутта Рияд Махрез дубль жасап, Алжирді алға шығарған еді. Алайда қосымша уақыттың соңғы секундында Саша Калайджич есепті теңестіріп, Аустрияны турнирден шығып қалудан құтқарды. Осы нәтижеден кейін екі құрама да плей-оффқа жолдама алды, ал Иран құрамасы жарысты топтық кезеңде аяқтады.
Аргентина жеңіспен қорытындылады
Аргентина құрамасы Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Лионель Скалони негізгі құрамдағы бірнеше көшбасшысына демалыс бергенімен, команда сенімді ойын көрсетті.
Қосалқы құрамнан шыққан Лионель Месси матч соңында гол соғып, турнирдегі алтыншы добын тіркеді. Осылайша, ол әлем чемпионаттары тарихындағы голдар санын 19-ға жеткізіп, өзінің рекордын жаңартты.
1/16 финалдың жұптары
Топтық кезең аяқталғаннан кейін әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық 32 команда белгілі болды. Енді турнирде қателесуге мүмкіндік жоқ – әр матч жеңілген команда үшін жарыстың аяқталуын білдіреді.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?