20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНұрбек Оралбай Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осылайша бес қазақ боксшысы финалда өнер көрсетеді.
80 келідегі Нұрбек Оралбай жартылай финалда Ресей боксшысы Имам Хатаевтан басым түсті. Отандасымыз финалда Қытай құрамасының мүшесі қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырық түйістіреді.
Бұған дейін төрт қазақ боксшысы финалға шыққан: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі).
Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске – 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі. Ал Қазақстан бокс федерациясының отандық боксшылардан жеңімпаз атанғанына 100 мың доллар береді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?