20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек8-16 наурыз аралығында Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшы қыздарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт саңлақтары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақыға ие болды. Атап айтқанда, дүбірлі доданың чемпионы атанған Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікееваның әрқайсысына 100 мың АҚШ долларынан табысталды.
Әлем чемпионатында күміс жүлдегері Виктория Графеева мен Елдана Талипованың әрбірі 50 мың АҚШ долларына ие болса, қола жүлдегер 25 мың АҚШ доллары берілді.
Туризм және спорт миистрлігі бұл боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталатынын алға тартты. Нақтырақ айтқанда, Назым Қызайбайға, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікееваға 100 мың АҚШ долларынан, Виктория Графеева мен Елдана Талиповаға 50 мың АҚШ долларынан, Наталья Богдановаға 25 мың АҚШ долларынан табысталатын болады.
Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?