23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандық боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бокс федерациясы спортшылардың тізімін ұсынды. Олар:
Ерлер
50 келіге дейін - Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін - Махмұд Сабырхан
60 келіге дейін - Бейбарыс Жексен
65 келіге дейін - Ертуған Зейнуллинов
70 келіге дейін - Төрехан Сабырхан
75 келіге дейін - Сабыржан Аққалықов
80 келіге дейін - Нұрбек Оралбай
85 келіге дейін - Бекзад Нұрдәулетов
90 келіге дейін - Сағындық Тоғамбай
90 келіден жоғары - Айбек Оралбай
Әйелдер:
48 келіге дейін - Назым Қызайбай
51 келіге дейін - Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін - Элина Базарова
57 келіге дейін - Карина Ибрагимова
60 келіге дейін - Виктория Графеева
65 келіге дейін - Аида Әбікеева
70 келіге дейін - Наталья Богданова
75 келіге дейін - Надежда Рябец
80 келіге дейін - Гүлсая Ержан
80 келіден жоғары - Елдана Тәліпова
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтау үшін Шеффилд қаласына аттанады. Қазіргі уақытта боксшылар Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Спортшылар осы аптада жолға шығып, оннан аса елдің боксшылары бой көрсететін жиынға қосылады.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады