29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПортугалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихында тағы бір жаңа белесті бағындырды. Ол әлем чемпионатының іріктеу ойындарындағы ең көп гол соққан ойыншы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
14 қазан күні Венгрия құрамасына қарсы өткен кездесуде Роналду 22-ші және 45+3-минуттарда екі гол соғып, өзінің іріктеу кезеңдеріндегі голдар санын 41-ге жеткізді. Осылайша ол бұған дейінгі рекорд иесі, 2017 жылы мансабын аяқтаған Гватемала шабуылшысы Карлос Руисті (39 гол) басып озды.
Қазір 40 жастағы Роналду – футбол әлеміндегі ең атақты ойыншылардың бірі. Ол – Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы, сондай-ақ ұлттық құрамалар тарихындағы, Еуропа чемпионаттарының, Чемпиондар лигасының және клубтық әлем біріншіліктерінің үздік сұрмергені.
Одан бөлек, Криштиану Роналду ресми матчтарда 900 голдан асырған алғашқы футболшы ретінде де тарихта қалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек