Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңдағы ойында Солтүстік Македония командасымен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Матч Скопье қаласындағы «Тоше Проески» стадионында өтті. Кездесуді испаниялық төреші Хуан Мартинес бастаған қазылар алқасы басқарды.
Бастапқы құрамдар:
Солтүстік Македония: Димитриевски, Стойчевски, Велкоски, Зайков, Алиоски, Илиевски, Алими, Миовски, Барди, Эльмас, Ристовски.
Қазақстан: Сейсен, Вороговский, Әліп, Қасым, Қайров, Қараман, Қуат, Зайнутдинов, Кенжебек, Свиридов, Чесноков.
Қонақтар алғашқы минуттардан-ақ шабуылға ден қойып, үзіліске дейін-ақ есеп ашуға бірнеше мүмкіндік алды. Ислам Чесноков бір метрден бос қақпаға соға алмай қалды. Сондай-ақ Ғалымжан Кенжебек пен Иван Свиридов та тамаша сәттерді пайдалана алмады, ал Бағдат Қайыровтың алыстан бағыттаған соққысы қақпадан қиыс кетті. Қазақстандық қақпашы Мұхаммеджан Сейсен алаң иелерінің шабуылдарын сенімді қайтарып отырды.
Екінші таймда македониялықтар қысымды күшейтті, соған қарамастан Дінмұхамед Қараман қайшылатып соққан голының арқасында Қазақстанды алға шығарды. Алайда көп ұзамай Энис Барди айып добынан есепті теңестірді.
Қорытынды есеп – 1:1.
Қазақстан құрамасы топтағы фаворит және көшбасшы Солтүстік Македониядан сырт алаңда бір ұпай еншіледі.
15 қараша күні Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен кездеседі.
Солтүстік Македония – Қазақстан – 1:1 (0:0)
Голдар: Қараман, 54 (0:1); Барди, 74 (1:1).
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?