Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФутболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Лихтенштейнмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл матчта алаң иелері о бастан-ақ аутсайдер саналғаны рас, солай болды да. Әли Әлиев шәкірттері ысқырық естілісімен ширақ қимылдап, мұнда жеңіс үшін келгенін аңғартты. Бірінші тайм аяқталар тұста Марат Быстровтан пас алған Максим Самородов қақпаны дәл көздеді. Ал араға бірнеше минут салып Самородов Александр Марочкинге нәтижелі пас берді. Марочкин мүлт кетпеді - 0:2. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды. Жанкүйерлер үзілістен соң гол көрген жоқ. Осылайша, Қазақстан үш ұпайға қол жеткізді. Ал Лихтенштейн қатарынан төрт матчта жеңіліске ұшырады.
Лихтенштейннің ресми матчтағы соңғы жеңісі 2020 жылдың қыркүйегінде Сан-Мариноға қарсы (2:0) тіркелген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?