7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстандық боксшы Нурмагамед Юсупов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі екінші жеңіліс болып тіркелді, деп жазады El.kz интернет порталы.
92 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда шаршы алаңға шыққан Юсупов тәжірибелі испаниялық Эммануэль Рейес Пламен күш сынасты. Үш раундтық айқастан кейін төрешілер жеңісті 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының екі мәрте қола медаль иегері Рейес Плаға берді - 1:4. Осылайша, Нурмагамедтің әлем чемпионатындағы жолы осы кезеңде тоқтады.
Осылайша, екінші отандық боксшы әлем чемпионатымен қоштасты. Бұған дейін 80 келідегі Ерасыл Жақпеков ресейлік Джамбулат Бижамовқа даулы шешіммен (1:4) жол берген еді.
Еске сала кетейік, дүниежүзілік біріншілік 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?