Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТашкентте (Өзбекстан) бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев та жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 63,5 келіге дейінгі салмақта израильдік Ахмад Штивимен жолықты. Жерлесімізге бұл жекпе-жек оңай соққан жоқ. Төрешілердің шешімен келесі кезеңге өтті.
Бұған дейін Сағындық Тоғамбай (86 келі) Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді техникалық нокаутпен ұтқан болатын.
Ал жарыстың алғашқы күнінде Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жеткен.
Еске салып өтсек, әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті.
Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстайды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары