19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1/8 финалда 80 келіге дейінгі салмақ өкілі ресейлік Джамбулат Бижамовпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті ресейлікке берді, әйтпесе жерлесіміз үшінші раундта қарсыласын нокдаунға да түсіріп үлгерді. Осылайша, Жақпеков 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Ерасыл Жақпеков өзінің әлем чемпионатындағы жолын тоқтатты. Ал 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Бижамов ширек финалға жолдама алды.
Бұл жеңіліс Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы сәтсіздігі болды. Бұған дейін біздің боксшылар қатарынан 12 кездесу жеңіп, сенімді өнер көрсеткен еді.
Айта кетейік, Қазақстан бұл чемпионатта 13 салмақ дәрежесінің барлығында қатысып жатыр. Турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары