29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Серік Теміржанов ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
60 келі салмақта сынға түскен Теміржанов жартылай финалға берілер жолдаманы тәжік боксшысы Акмал Убайдовпен сарапқа салды. Үш раундқа созылған айқаста қазылардың ортақ шешімімен жеңіс қарсыласына берілді. Екінші раундта Серіктің нокдаун алғаны да әсерін тигізді.
Осылайша, Теміржанов ширек финалда сүрінді.
Айта кетейік, Серік Теміржанов – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылдың Азия чемпионы. Биылғы бәсекеде ол алғашқы кездесуінде моңғолиялық Цэндбаатар Эрдэнэбатысты жеңсе, 1/8 финалда замбиялық Эндрю Чилатуды нокаутпен тоқтатқан еді.
Дубайда 3 желтоқсанда басталған әлем біріншілігіне 118 елден мықтылар жиналып, жалпы жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек