Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кешкі сессияда ел құрамасынан рингке екінші болып Махмуд Сабырхан көтерілді. Ол ганалық ганалық Мохаммедо Амадумен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта төрешілер Махмұдтың басымдығына қолдау білдірді. Екінші раундта ол жылдам әрекетімен жеңіске жақындай түсті.
Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.
Махмұд Сабырхан 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегері екенін айта кетейік.
Енді А рингінде 8-жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен сынға түседі.
Сондай-ақ Б рингіндегі 14-жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді