18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының В тобындағы матчтары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Латвия құрамасы соңғы ойында Швейцария командасын ұтып (4:3 ОТ), Канада, Чехия құрамаларымен бірге плей-оффта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Турнирлік кесте мынадай:
Швейцария – 19, Канада – 15, Латвия – 13, Чехия – 13, Словакия – 11, Қазақстан – 7, Норвегия – 6, Словения – 0.
Қазақстан бұл біріншілікте жеті ойын өткізіп, үш рет жеңіске жетті. Алдымен Норвегия құрамасын буллитте 4:3 есебімен ұтса, Словакиядан да буллитте басым түсті – 4:3. Ал соңғы ойында Словенияның осал тұсын тапты – 4:3. Одан қалды Чехиядан – 1:5, Швейцариядан – 0:5, Канададан – 1:5, Латвия – 0:7 есебімен ұтылды.
А тобында плей-оффқа мына құрамалар шықты: АҚШ, Швеция, Финляндия және Германия, ал В Швейцария, Канада, Чехия және Латвия бар.
Ойындар:
Швейцария — Германия
США — Чехия
Канада — Финляндия
Швеция — Латвия
Барлық матч 25 мамырда өтеді, басталуы – 19:20 және 23:20 (Астана уақытымен).
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр