23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіХорватияда күрес түрлерінен жатқан әлем чемпионатында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Грек-рим күресінен 77 келіде белдескен қазақстандық балуан ширек финалда жапон спортшысы Нао Кусакамен кездесті. Қос балуан былтыр Париж Олимпиадасының финалында күресіп, күншығыс елінің өкілі басым түскен болатын. Хорватия астанасындағы кезекті кездесуде Демеу байырғы қарсыласына 4:2 есебімен жол берді.
Қарсыласының финалға шығуына байланысты отандасымыз жұбаныш белдесуін өткізеді. Енді ол Үндістан/Украина балуандарының бірімен кездеседі. Егер жеңіске жетсе, әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Венгрия өкілі Роберт Аттиламен шеберлік байқаспақ.
Бүгін Демеу Жадыраев әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндия мен Сербия балуандарынан басым түскен еді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады