22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық боксшы Даниял Сәбит 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында сынға түсті. Халықаралық бокс федерациясы (IBA) ұйымдастырған турнирде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама үшін замбиялық Патрик Чиньембаға қарсы шыққан еді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бірінші раундта Қазақстан намысын қорғаған Сабит белсенділігіне қарамастан, Чиньемба есепті ашты. Екінші раундта Даниял күш-жігерін жұмсап, есепті теңестірді, алайда үш раунд соңында жеңіс африкалық боксшыға бұйырды – 5:2.
Сәбит – Қазақстанның үш дүркін чемпионы, сонымен қатар 2025 жылы Нидерландтағы Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы. Әлем чемпионатының 1/16 финалында кенийлік Кельвин Майнды, ал 1/8 финалда Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті жеңген болатын.
IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Жүлде қоры 8,32 миллион доллар болатын бұл додаға әлемнің 118 елінен боксшылар келіп, ең мықтыларын анықтап жатыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев