Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын боксшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокс федерациясы ұсынған мәліметке сүйенсек, отандық былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен өтетін кездесулер 11 наурыз сағат 18.00-ден басталады. Бұл уақытта шаршы алаңға Виктория Графеева, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева кезегімен өнер көрсетеді. Ал сағат 22.00-ден бастап Жайна Шекербекова, Гүлсая Ержан мен Жасмин Кизатова шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, бұған дейін Анита Адишева жарыс жолынан шығып қалған болатын. 52 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы қызымыз 1/16 финалда мексикалық Патино Хураезке 3:4 есебімен есе жіберді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді