7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Әлем чемпионаты биыл АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. 48 құраманың ішінде әлем біріншілігінде бірінші рет бақ сынап жатқан төрт команда бар. Өзбекстан, Иордания, Кабо-Верде және Кюрасао алпауыттармен күш сынасып көрмек. Соның ішінде бүгін Кабо-Верде алаңға шығады
Бүгін Еуропа чемпиондары әлем біріншілігіндегі жолын бастайды. Олардың қарсыласы – Кабо-Верде құрамасы. Бұл – Атлант мұхитының жағасындағы шағын мемлекет үшін тұсаукесер ойын. Олар алғаш рет әлем чемпионатында доп тебу мәртебесіне ие болды. Қос құрама арасындағы кездесу кешкі сағат 21:00-де басталады.
Одан кейін Бельгия мен Египет арасындағы матч күтіп тұр. Ойын түнгі сағат 00:00-де басталады. Қызығы сол, «Манчестер Сити» футболшылары Джереми Доку мен Омар Мармуш бір-біріне қарсылас атанады. Тибо Куртуа тағы бір рет Мұхамед Салахтың әуселесін байқап көреді.
Аталған матчтан соң, ұйқыңыз келмей жатса, 03:00-де басталатын Сауд Арабиясы мен Уругвай арасындағы ойынды тамашалауға кеңес береміз. Есте болса, осыдан төрт жыл бұрын Сауд Арабиясы топтық кезеңде Аргентинаны қапы қалдырып, сенсация жасаған. Биыл да сондай ғажап оқиға тіркелмесіне кім кепіл?!
Биыл біріншіліктегі кезесулердің дені таңмен таласа басталады. Соның бірі – 06:00-дегі Иран мен Жаңа Зеландия арасындағы матч. G тобындағы ауыс-түйіске әсер ететін ойын Калифорниядағы Инглвуд қаласында өтеді.
14 маусымда қандай есеп тіркелді?
Кешегі есепті еске түсірсек, Германия әдеттегідей қарсыласын аяған жоқ. Салқынқанды немістер Кюрасао құрамасын 7:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Нидерланды Жапониямен тең тарқасты (2:2). Кот-д’Ивуар бір доп айырмасымен Эквадордан басым түсті. Швеция болса 5:1 есебімен Тунисті қапы қалдырып, G тобында жеке дара көш бастады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?