Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында рингке шыққан Даниял Сәбит қарсыласын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1/8 финалда 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Кабо-Верде боксшысы Леник Фернандесті 5:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Бұған дейін 54 келіде Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиді еш қиындықсыз жеңсе, 63,5 келі салмақта өнер көрсеткен Ертуған Зейнуллинов IBA-PRO лигасының боксшысы Хосе Мануэль Агуйре Крузды айқын басымдықпен ұтты.
Ал 8 желтоқсан күні Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг) 1/8 финалдық бәсекелерінде жеңісіне қол жеткізді.
Ал Ерасыл Жақпеков (80 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг) және Нурмагамед Юсупов (92 кг) өздерінің чемпионаттағы жорығын дәл осы кезеңде аяқтады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді