20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан әлем балаларының көзімен» І Халықаралық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқауға 7-16 жас аралығындағы Әзербайжанның, Беларусьтің, Жапонияның, Италияның, Қазақстанның, Ресейдің, Түркияның және басқа да елдердің балғын суретшілері қатысты.
Байқауға қатысу үшін балаларға «Қазақстан халқының ертегілері мен аңыздары», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан көріністері», «Қазақстанның киелі жерлері», «Халық мейрамдары» және «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» сияқты тақырыптар бойынша сурет жолдау ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша жас суретшілердің 70 суретінен тұратын сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қазақстан әлем балаларының көзімен» байқауының елімізді танымал ету ісінде жасалған тағы бір қадам екендігін атап өтті. Байқауға балалардың түрлі елдерден қатысуы жас таланттардың Қазақстанға деген зор қызығушылығының белгісі. Ол байқауды жыл сайын өткізу дәстүрге айналатынын және оған қатысушылардың аясы кеңейе түсетініне үміттенетінін жеткізді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?