Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов София (Болгария) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда болгариялықтар Янаки Милев – Петр Нестеровпен кездесті.
Бірінші партияда болгариялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.
Есесіне екінші сетте қазақстандық-эквадорлық дуэт қарымта қайырды – 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:5.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында екі жұп та 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Александр Недовесов – Гонсало Эскобар финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Андрей Голубев – украиналық Денис Молчанов және аустралиялықтар Джон Патрик Смит – Макс Перселл жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді