Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Теннис федерациясына сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 103-орында тұрған нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3. Есесіне екінші сетте Зандсхулп 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Бублик қайыра екі брейк жасап, ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Осылайша қазақстандық теннисші қатарынан екінші рет топырақ төсенішіндегі турнирдің финалына өтті. Бұдан бір апта бұрын ол Гштаад (Швейцария) ATP 250 жарысында жеңімпаз атанған еді.
Александр Бублик финалда рейтингіде 100-сатыдағы франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Бұған дейін Александр Бублик ATP 250 турнирінің жартылай финалына өткені туралы жаздық.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?