Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлександр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан екі жыл бұрын осы жарыста үздік шыққан қазақстандық теннисші биыл доданың 2-ракеткасы болып тіркелген.
Турнирді екінші айналымнан бастаған Александр дүниежүзілік рейтингіде 137-орында тұрған канадалық Денис Шапаваловпен шеберлік байқасты.
Канадалық теннисші кезінде рейтингіде 10-орынға дейін көтерілген ойыншы еді. Сондықтан ойын аса тартысты өтіп, бірінші партияда Шаповалов шыдатпады – 6:1.
Екіншісінде тай-брейкте Бублик қарымта қайырды – 7:6 (14:12).Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей алды – 6:3.
Александр Бублик жартылай финалға өту үшін отандасы, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко немесе рейтингіде 104-сатыдағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен кездеседі.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді