29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 23-ші орында тұрған Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевті 6:7 (4), 7:6 (5) есебімен ұтты. Үшінші сетте қазақстандықтың пайдасына 6:5 есебімен Рублев саптағы төрешіге балағат сөздер айтқаны үшін жарыстан шеттетілді.
Қос теннисші кортта 2 сағат 31 минут ойын өткізді. Кездесу барысында Александр Бублик 21 эйс жасап, 6 қос қателік жасады. Ал Рублев 9 сервті 2 қос қатемен орындады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы финалға шықты. Бұл матчта Алексанрд Бублик Даниил Медведев (№4, Ресей) – Уго Гумберт (№18, Франция) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Оқи отырыңыз:
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек