Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлександр Бублик өз мансабында алғаш рет Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасып көрді.
Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4. Екіншісінде қарқынын тіпті үдетті - 6:1 есебімен аяқталды.
Ал үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:4).
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта отандасымыз 10 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алды.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 123-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффен жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?