Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілісте Ұлттық қордан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы енгізіледі. Заң жобасы бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Бұл ретте, кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған, - деді премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.
Оның айтуынша, аталған заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллар, 2026-2027 жылдары барреліне 41 – 39,4 доллар деңгейінде белгіленді.
Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 триллион теңге көлемінде айқындалды. Осы уақыт аралығында Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы 62,2 миллиард доллар, 2026-2027 жылдары 69,9 – 78,7 миллиард доллар қарастырылды, - деді министр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?