Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің болжамынша, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі. 1 шілдеде еліміздің батысында және шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін.
Күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градус жылыны көрсетеді.
Бұған дейін ыстық күнде сусыздануды қалай анықтауға болатыны туралы жазған едік.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер