30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлдағы үш күнде елімізде күн күрт суытып, боран, көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Болжам жасағанымыздай, атлантикалық циклон мен жауын-шашынға, әсіресе қар жаууына себеп болатын атмосфералық ағындар біртіндеп шығысқа қарай ауысып жатыр. Соның салдарынан ел аумағында ауа райы құбылмалы болады, Қазақстанның шығысында – қалың қар, оңтүстігінде – жаңбыр мен қар, таулы аймақтарда мол мөлшерде жауын-шашын түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика аумағында боран, көктайғақ, батысы мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Бірақ синоптиктердің болжамы бойынша, 7 қаңтарда елдің батысынан суық арктикалық антициклон жылжи бастайды да, біртіндеп жауын-шашын тоқтайды. Содан кейін ауа температурасы әуелі батыста, кейін елдің басқа аймақтарында күрт төмендейді.
Термометр бағаны елдің батысы мен орталығында минус 20-28 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыс, солтүстікте 25-33 градус, шығыста 5-13, оңтүстікте 0-10 градусқа дейін аяз болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды